Жаңалықтар

Павлодарда полицейлер зейнеткерлерге алаяқтардан сақтану жолдарын түсіндірді

Павлодарда полицейлер зейнеткерлерге алаяқтардан сақтану жолдарын түсіндірді
Фото: © Polisia.kz 30.10.2023 12:02 686

Павлодарда полицейлер зейнеткерлерге алаяқтардан сақтану жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда егде жастағы азаматтар әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланып келеді және талдау көрсеткендей, соңғы уақытта алаяқтардың құрбаны болу ықтималдығы артып барады. Павлодар қаласының облыстық ардагерлер кеңесінде полицейлер зейнеткерлерге алаяқтардың айла-тәсіліне алданбау жолдарын айтты.

Біз, зейнеткерлер қауіпсіз өмір сүргіміз келеді. Соңғы уақытта алаяқтардың зейнеткерлерді миллиондаған қаржыға алдап кеткенін жиі естимін. Өйткені, біз, қарт адамдар қаржыны “қорға” жинаймыз, ал зиянкестер осыны пайдаланады, – деді Павлодар облысы Ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Валентина Шершнева.

Павлодар қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев пен интернет-алаяқтықтарды тергеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу тобының жетекшісі Ренат Ахметзянов ардагерлерге алаяқтықтың түрлері туралы, азаматтардың ақша үшін қаскүнемдер қолданатын тәсілдер мен амалдар туралы айтып берді. Зейнеткерлерге тәртіп сақшылары күмәнді жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға