Павлодарда өрттен бір адам қайтыс болды

Фото: ҚР ТЖМ / видеодан алынған кадр
Фото: ҚР ТЖМ / видеодан алынған кадр
15.02.2024 18:00
954
Павлодарда жеке үйде болған өрттен бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, 15 ақпанда сағат 12:48-де Павлодар қаласындағы қараусыз қалған жеке үйде өрт шыққаны туралы шақыру түскен.
15 шаршы метр аумақта шатыр ішінара құлады. Өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метр, - делінген мәліметте.
Өрт орнында адамның денесі табылды. Өрттің себебі анықталуда. Өрт 14:44-те жойылды. Өрт орнында жеке құрамның 16 адамы және 4 техникасы жұмыс істеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың жартылай финалына өтті
Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті