Павлодарда өрісте шыққан өрт техникасыз сөндірілді
Павлодар облысындағы жайылымдық жердегі өртті сөндіруге арнайы техника бара алмауына байланысты қолмен сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі
Өңірлік ТЖД-нің мәліметінше, тілсіз жау 2023 жылғы 8 мамырда шыққан. Атамекен ауылы мен аудан орталығының арасында қамыс пен құрғақ шөп өртенгені туралы ақпарат келіп түскен. Алайда өрт маңайы жайылма суға толып кеткендіктен, арнайы техникасына баратын жол болмады. Сол себепті өртті сөндіру жаяу түрде оқпанды өрт сөндіргіштер, хлопушкалар көмегі арқылы жүргізілді. Ол жерге техниканың өтудің еш мүмкіндігі болмады.
Өртті сөндіру барысында 3 өрт ошағы анықталды. Өрт ошақтарының көлемі 30 гектар. Өрт ошақтары сағат 16.35 оқшауланып, сағат 18.57-де сөндірілді, - деді ПО ТЖД-нің баспасөз қызметіндегілер.