Жаңалықтар

Павлодарда оқушы қыз тапаншамен сыныптасының көзіне оқ атқан

Павлодарда оқушы қыз тапаншамен сыныптасының көзіне оқ атқан
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 01.10.2024 20:43 1084

Павлодар облысындағы білім беру мекемелерінің бірінде 5-сынып оқушысы мектепке ойыншық тапанша әкеліп, оны құрбыларына көрсеткенде абайсызда оқ атқан. Оқ 6 сынып оқушысының көзіне тиген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының түсіндіруінше, оқушы қыз сөмкесінен тапанша алып шығып, оны сыныптастарына көрсеткенде, кездейсоқ өтіп бара жатқан басқа оқушыға оқ атқан.

Павлодар облыстық балалар ауруханасының атап өтуінше, зардап шеккен балаға көз алмасының зақымдануы және конъюнктиваның сыдырылуы диагнозы қойылған.

Баланың жарақаты емделіп жатыр. 1 қазан күні бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 5 сынып оқушысы ұл баланың көзіне ойыншық мылтықпен абайсызда оқ атқан. 2011 жылы туған бала алдымен аудандық ауруханаға жеткізіліп, кейін Павлодар облыстық ауруханасына жіберілді. Ол сағат 14:00-де травматология бөліміне келген, - деді дәрігерлер.

Зардап шеккен баланың тұрғылықты жерінің алыс болғаны ескеріле отырып, оны Павлодардағы дәрігерлер бақылауында қалдыру ұйғарылды. Сонымен бірге бұл оқиға полицейлер назарынан тыс қалған жоқ.

Заңды өкілге қатысты тәрбие мен білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша міндеттерді орындамау фактісі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Мектепте профилактикалық кеңес өтті, - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға