Жаңалықтар

Павлодарда мысыққа сірке қышқылын шашқан әйел сотталды

Павлодарда мысыққа сірке қышқылын шашқан әйел сотталды
Фото: © Pixabay.com 06.03.2024 10:51 1140

Мысыққа сірке қышқылын шашып жіберген павлодарлық 86 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Үй жануарының ауыз қуысы мен көз қабығы, тыныс алу жолдары күйген. Өткен жылдың соңында Павлодар қаласындағы көпақабатты үйлердің бірінде әйел адамның мысыққа сірке қышқылын шашып жатқаны жайлы бейнежазба әлеуметтік желіні шарлап кеткен еді. Полицейлер аталған оқиға бойынша тұрғынға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы (Жануарларға қатыгездiкпен қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізгенін хабарлаған.

К. жасаған әрекет қылмыстық теріс қылықтар санатына жатады және жазаның балама түрлерін қарастырады. Сот жеңілдететін мән-жайларды, яғни сотталушының кінәсін толықтай мойындауы, асырауында екі жас баласының болуын ескере отырып, К-ға 25 АЕК, яғни 86 250 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады, - делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға