Павлодарда медициналық орталық өртенді

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
26.07.2024 13:43
543
Павлодар қаласында құтқарушылар медициналық орталықта болған өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін қаладағы 5 қабатты тұрғын үйде орналасқан медициналық орталықтардың бірінде жиһаз бен заттар жанған.
Өрт сөндірушілердің күшімен ауданы 10 шаршы метр аумаққа тараған өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтаудан велосипедпен шыққан ата Парижге жетті
Келесі жаңалық
Елордада алты құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды