Павлодарда көлік аударылып қалды

Жол-көлік оқиғасына ұшыраған жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы @Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусым күні сағат 04.50-де Шөкин көшесінде Mitsubishi Delica маркалы автокөліктің жүргізушісі аударылып қалды.
Салдарынан жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Ол жол апаты кезінде көлікте жалғыз болған, – дейді департаментте.
Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде, сараптама тағайындалды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккен 40 жастағы ер адам бірінші аурухананың жарақат пунктіне жеткізілгенін хабарлады. Шақыру сағат 4:56-да түскен, жедел жәрдем бригадасы сағат 5:06-да жеткен. Зардап шеккен адамның жағдайы орташа ауыр.
