Жаңалықтар

Павлодарда көлігіне жалған нөмер таққан жүргізуші ұсталды

Павлодарда көлігіне жалған нөмер таққан жүргізуші ұсталды
Фото: © El.kz 28.12.2023 11:00 788

Павлодарда жалған нөмірлі көлікті тізгіндеген азамат жауапқа тартылады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар қаласында Малайсары батыр көшесі бойында құқықтық тәртіп сақшылары ВАЗ-2110 автокөлікті ұстады, оның жүргізушісі мемлекеттік тіркеу нөмірлері жалған көлік құралын жүргізген.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (Көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (белгісі) бар көлік құралын жүргізу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қарауға арналған материал әкімшілік сотқа жіберілді.

Нөмірлік белгілерді алып қойды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Осы баптың санкциясы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 1 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруды көздейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға