Павлодарда кәсіпкерді өлтірді деген күдікті Ресейде ұсталды

Фото: ©El.kz/Арман Мухатов
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов
27.03.2025 15:56
438
Құқық қорғау органдары Павлодарда кісі өлтірген күдіктіні Ресей Федерациясында анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратура мәліметінше, бизнес серіктесін өлтірді деген күдікке іліккен қазақстандық Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында ұсталды.
Естеріңізде болса, ақпан айында Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің ауласында кәсіпкердің мәйітін табылды.
Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды. Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін шаралар қабылдауда, - делінген мәліметте.
Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Еліміздің су қоймаларындағы жағдай қандай