Жаңалықтар

Павлодарда ішіп алған 37 жастағы ер адам суға батып кете жаздады

Павлодарда ішіп алған 37 жастағы ер адам суға батып кете жаздады
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 20.08.2024 02:29 908

Павлодарда 37 жастағы Усолка өзеніне батып кете жаздады. Жергілікті тұрғын қайықтан абайсызда құлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

1987 жылы туған ер адамды облыстық ТЖД құтқару бөлімшесінің қызметкерлері Усолка өзенінің арнасын тексеру кезінде байқап қалған. Ер кісі мас күйде болған.  

Құтқарушылар тез арада қайықпен жетіп, оны жағаға жеткізген. Суға батып кете жаздаған тұрғынға медициналық көмек қажет болмаған.     

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға