Жаңалықтар

Павлодарда есірткі қоймасы жойылды

Павлодарда есірткі қоймасы жойылды
Фото: polisia.kz 03.03.2023 11:07 788

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел қызметкерлері есірткі құралдарын пайдалануға арналған притонды жойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қабылданған шаралар нәтижесінде полицейлер заңсыз есірткі мен заттарды бірлесіп пайдалану үшін нашақорларға өз тұрғын үйін берді деген күдікке ілінген 37 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын анықтады. 

Тінту іс-шаралары барысында тұрғын үй-жайда жедел қызметкерлер шприцтерді, бос құтыларды, күйе іздері бар ыдыстарды, сондай-ақ есірткіні пайдалану үшін қолданатын өзге де заттарды тауып, тәркіледі. 

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Павлодар қаласы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД ЕҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Арсен Айғазин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға