Павлодарда ер адам өзімен бір шаңырақта тұратын әйелді ұрып-cоғып, зорлаған
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
19.10.2023 11:47
1189
Павлодарда ер адам өзімен бір шаңырақта тұратын әйелді ұрып-cоғып, зорлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Dina Tansari telegram арнасының хабарлауынша, өзімен бір үйде тұратын ер адам Павлодар тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, кейін аяусыз соққыға жыққан. Таяқтың астына қалған әйел әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялады. Онда, ол тек өзі үшін ғана емес, сонымен қатар балалары үшін де алаңдайтынын және қылмыскер тиісті жазасын алғанын қалайтынын айтты.
Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыскер қолға түскен. Қазіргі таңда, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды