Жаңалықтар

Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін әдейі көлікпен жаншып, мүгедек етті

Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін әдейі көлікпен жаншып, мүгедек етті
Фото: iStock 14.03.2025 11:34 333

Павлодарда 41 жастағы әйел азаматтық некедегі бұрынғы күйеуінің әрекетінен ауыр жарақат алып, бір аяғынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 2025 жылдың 6 қаңтарында таңертең болған. Жергілікті телеграм-арналардың хабарлауынша, жәбірленуші Виолетта – екі баланың анасы, оның үлкені 14 жаста, ал кенжесі небәрі екі жаста.

Туыстарының айтуынша, сол күні бұрынғы күйеуі Виолеттаға хабарласып, жұмысқа жеткізіп салуды ұсынған. Әйел бас тартқанымен, ер адам оны көлігіне салып, күштеп жұмыс орнына қарай алып кеткен. Жол бойында олардың арасында жанжал туындап, Виолетта көліктен түспек болған, бірақ ер адам оны ұзақ уақыт бойы шығармай қойған. Ақыры, әйел оның қолынан сытылып шығып, аялдамаға қарай жүгіре жөнелген сәтте күдікті оны әдейі көлікпен қағып өткен.

Ауыр жарақат алған Виолеттаға дәрігерлер шұғыл операция жасап, бір аяғын ампутациялауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта мамандар оның екінші аяғын сақтап қалу үшін күресуде.

Павлодар облысының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, күдікті қамауға алынған. Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға