Жаңалықтар

Павлодарда екі балаға мерзімі өткен вакцина салынған

Павлодарда екі балаға мерзімі өткен вакцина салынған
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 05.02.2024 14:01 1376

Павлодарда, екі бала жарамдылық мерзімі өткен вацина алған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысының прокуратурасы таратқан мәліметте 21 млн теңгеден астам сомаға 9,5 мыңнан астам вакцинаны тиімсіз пайдалану фактілері анықталғаны айтылады.

Павлодар емханаларының біріне «Пентаксимнің» 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді. Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 бала вакцинацияланған.

Қарсы тексеруде кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакцинациялау фактілері анықталды.

Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылды, кінәлі адамдар жауаптылыққа тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға