Павлодарда екі бала мерт болған көлік апатына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр
Полиция автокөлік салонында 11 жолаушы – алты бала және бес ересек адам болғанын нақтылады
19 қыркүйек сағат 00.20 шамасында Ақсу өңірінің Достық және Төртқұдық ауылдары арасындағы Қызылорда-Павлодар автожолының 59 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.
– 31 жастағы жүргізуші Toyota Noah автокөлігін тізгіндеп келе жатқанда рөлді басқара алмай, көлігімен шұңқырға аударылдып кеткен. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция автокөлік салонында 11 жолаушы – алты бала және бес ересек адам болғанын нақтылады. Олар өзара туыс болып шықты.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан 16 және 14 жастағы кәмелетке толмаған жолаушылар алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Алты адам, оның ішінде жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.
