Жаңалықтар

Павлодарда дәстүрлі заманауи корей мәдениетінің фестивалі өтті

Павлодарда дәстүрлі заманауи корей мәдениетінің фестивалі өтті
06.02.2019 05:19 2879

Павлодарда дәстүрлі «K-POP STAR KZ 2019» фестивалі өтті. Оның мақсаты - жастарды Оңтүстік Кореяның заманауи мәдениетімен таныстыру. Іс-шара Жастар жылы аясында және Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.

K-поп мәдениеті XX ғасырдың соңында Оңтүстік Кореяда пайда болды. Бұл Батыс электропоптың, хип-хоптың, би музыка мен қазіргі ритм мен блюздің элементтерін қамтитын музыкалық жанр.

Бұл фестиваль 3 жыл бойы өткізіліп келеді және оны өткізу дәстүрге айналды. Бұл жобаның негізін қалаушылар - Қазақстан кәрістерінің жастар қозғалысының павлодарлық филиалы және Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясы.

Аймақтық фестивальге вокалдық және би ансамбльдері, кавер-топтар қатысты.

Қазақстан кәрістері қауымдастығының Павлодар филиалы төрағасының орынбасары Раиса Афанасьева және аймақтың жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Рамиль Смайлов іс-шара барысында мерекеге қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйледеі.

Фестиваль соңында Павлодар облысындағы қазақстандық корейлердің жастар қозғалысының көшбасшысы Меруерт Қартпаева қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға