Павлодарда бүйрегі ауыратын балаға 16,66 млн теңгеге дәрі алынды
Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мәлім етті
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz
03.02.2023 20:11
1101
Павлодар облысынан бүйректің ауыр сырқаты бар балаға «Элимаб» препараты сатып алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыр және орфандық аурулары бар науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағытындағы қайырымдылық көмекті жалғастыруда.
Осы жылдың қаңтар айында Қарағанды фармацевтикалық кешені «Қазақстан халқына» қорымен және Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасымен жасалған келісім-шарт аясында бүйрегі ауыр сырқаты бар 1 балаға «Элимаб» («Экулизумаб») дәрілік затын жеткізді.
Препараттың құны 16,66 млн теңге.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды