Павлодарда бұралқы иттер бір үйдің 80-нен астам қойын қырып кеткен

Павлодар облысы Павлодар ауданының Кемеңгер ауылында бұралқы иттер 80-нен астам қойды қырып тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ветеринарлар бұл жағдайды тексеру үшін оқиға орнына барған.
Оқи отырыңыз:
- Астаналық студенттер бес жұлдызды қонақүйде оқиды
- Назарбаевтың жиен немересі «Транстелекомның» директорлар кеңесін басқаратын болды
29 шілдеде түнде Кемеңгер ауылында 83 қой қырылды. Жабайы иттер 15 қойды кеміріп тастады, ал қалған малдар қорыққаннан тапталып мертікті, - деді Павлодар олыстық ветеринариялық станциясы басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметов.
Оның айтуынша, ветеринариялық станцияның қызметкерлері 2 итті ұстаған. Олар 10 күн бақылауда болады.
Қырылған малдан зерттеуге материалдар алынды. Иттердің құтыру белгілері расталса, утилизация мәселесі қарастырылады, - дейді Ержан Ахметов.
Аталған факті бойынша облыстық полиция департаменті облыстық ветеринарлық инспекциямен бірге тексеріс жұмыстарын бастады.
