Жаңалықтар

Павлодарда бухгалтер спорт мектебінен қаржы жымқырған

Ол 8,3 млн теңге көлімінде ақшаны ұрлаған
Павлодарда бухгалтер спорт мектебінен қаржы жымқырған
Фото: baq.kz 01.11.2022 10:16 1294

Павлодарда спорт мектебінің бухгалтері сотталды, деп хабарлайды El.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық Туризмді және спортты дамыту басқармасына қарасты «Батыр» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің есепшісі бюджет қаражатын жымқырып келгені анықталған. Ол 8,3 млн теңге көлімінде ақшаны ұрлаған.

«Тергеу барысында айыпталушы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 11 қарашасына дейінгі аралықта білім беру және ақылы қызметтерді көрсетуден, оның ішінде спорттық жабдықтарды, объектілерді жалға алудан, пайдаланудан, конькилерді, шаңғыларды, роликті конькилерді, жүзу бассейндерін жалға беруден түскен ақшаны алып отырған. Алайда, кассалық-кіріс чегін бермеген», –  делінген  Экономикалық тергеу департаментінің хабарламасында.

Павлодар қаласының №2 соты есепшіні үш жылға бас бостандығынан айырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға