Павлодарда бес қабатты үйдегі өрт кезінде 3 бала құтқарылды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
24.04.2025 23:12
126
Павлодарда бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында пәтерде өрт шықты. Оқиға Желтоқсан көшесі бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қатты түтін салдарынан баспалдақ маршымен 12 адам эвакуацияланып, 3 бала құтқару қалпақтары арқылы жану өнімдерімен уланудан құтқарылды.
18 шаршы метр алаңды шарпыған өрт дер кезінде сөндірілді. Көміртегі тотығымен уланған бір ер адам ауруханаға жатқызылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада Есіл жағалауы қайта жаңарады
Келесі жаңалық
Өңірлерде өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті