Павлодарда баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан босатылды
Мекеме басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
09.04.2023 19:55
946
Павлодарда балабақша тәрбиешісі жұмыстан босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде балабақшада түсірілген видео таралды. Бейнекадрдан тәрбиешінің баланы шапалақтап, көрпемен жауып жатқанын көруге болады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі балаларға дөрекілік таныту фактісі бойынша №28 балабақшада қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.
«Тергеу қорытындысы бойынша ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылды», - деп хабарлады білім беру бөлімінде.
Сондай-ақ тәрбиешілердің қызметін бақылауды әлсіреткені үшін мектепке дейінгі ұйым басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мұхамедәлі Мамырбек Азия чемпионатында қола медальға ие болды
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды