Павлодарда аса ауыр және ауыр қылмыс деңгейі төмендеген

Павлодар облысында аса ауыр және ауыр қылмыстар саны 14%-ға төмендеген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Павлодар облысының полиция ведомствосында тоғыз айдың қорытындысы туралы ақпарат берілді.
Қабылданған ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралармен қылмыстық құқық бұзушылықтарды жалпы тіркеу 342 фактіге немесе 8%-ға төмендеді. Аса ауыр және ауыр қылмыстар 169 фактіге немесе 14%-ға төмендеуі байқалады. Кісі өлтіру, тонау, ауыр дене жарақаты, алаяқтық, интернет-алаяқтық, ұрлық, көлік құралдарын ұрлау, мал ұрлығы қылмыстарының саны да азайды, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Полиция ведомствосының басшысы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 10%-ға және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтар 9%-ға төмендегенін атап өтті. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің, зорлаудың, тонаудың, бопсалаудың, ұрлаудың, автокөлік пен қалта ұрлығының 100% ашылуына қол жеткізілді.
Жедел бөлімшелер 162 есірткі құқық бұзушылықтың жолын кесті, заңсыз айналымнан 422 келіден астам есірткі, оның ішінде 5 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Жол-көлік оқиғаларының саны 24%-ға немесе 107 фактіге азайды, оларда 424 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 36%-ға төмен. Өкінішке орай, 29 адам қайтыс болды, – деді Василий Скляр.
Сонымен қатар, ведомство бастығы жеке құрамнан жоғары назар аударуды талап ететін алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеп, полиция қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық теріс қылықтары үшін жауапкершілік, сондай-ақ қызметтік тәртіп пен Әдеп кодексінің нормаларын сақтау туралы әңгімелесу жүргізу бойынша қызмет басшыларына тапсырмалар берді.
