Жаңалықтар

Павлодарда әріптесін ұрған полиция бөлімінің басшысына қатысты тергеу басталды

Павлодарда әріптесін ұрған полиция бөлімінің басшысына қатысты тергеу басталды
Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі 15.10.2023 12:22 822

Павлодарда әріптесін ұрған полиция бөлімінің басшысына қатысты тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Василий Скляр мәлімдеді.

 13 қазанда Павлодар қаласының ПБ Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен осы бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы өтініші келіп түсті. Менің тапсырмам бойынша, аталған дерек бойынша Полиция департаменті қызметтік тергеуді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеру барысында анықталатын болады. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша полиция қызметкерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, - деп жазды В.Скляр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға