Жаңалықтар

Павлодарда алаяқ зейнеткердің 30 мың долларын алдап алған

Павлодарда алаяқ зейнеткердің 30 мың долларын алдап алған
Фото: © Polisia.kz 08.06.2023 16:46 828

Павлодарда алаяққа сенген зейнеткер 30 мың долларынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі күні полиция есептерінің «хит шеруінің» бірінші жолын алаяқтық алады, оларға жәбірленуші өз еркімен сұрағанын береді.

Алаяқтардың қармағына жалғыз тұратын қарт адамдар түседі. Алаяқтар зейнеткерлерге қоңырау шалып, жақын туысы апатқа ұшырады немесе оның кінәсінен адам зардап шекті және қылмыстық жауапкершілікке тартылмау үшін ақша төлеуді сұрайды, – деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Мысалы, 6 маусымда 78 жастағы зейнеткердің үй телефонына ер адам қоңырау шалып, оның ұлы ЖКО жасағанын және 20 млн теңге төлеу қажет екенін айтқан. Сұхбаттасушы зейнеткер үйіне Руслан есімді жігіт келгенге дейін «тұтқаны тастамады», содан соң оған әйел өз еркімен 30 мың доллар берді. Әйел Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында тұратын ұлына қоңырау шалған кезде алданғанын түсінген. Осы кезде бәрінің жақсы екеніне көз жеткізіп, полицияға қоңырау шалды. Василий Скляр бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады.

Сондай-ақ осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға