Жаңалықтар

Павлодарда Ақсақалдар алқасының 10 жылдығы аталып өтті

Павлодарда Ақсақалдар алқасының 10 жылдығы аталып өтті
18.10.2019 18:28 2516

Павлодарда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Ақсақалдар алқасының» құрылғанына 10 жыл толуына арналған іс-шара өтті.

«Ақсақалдар кеңесі» Елбасы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылды. 10 жылдан кейін бұл құрылым өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеудегі өзінің ерекше рөлін дәлелдеп берді.

Павлодарда Ақсақалдар алқасының 10 жылдығы аталып өтті

«Дәл сіздер – Қазақстан халқы Ассамблеясының алтын қорысыздар. Рухани мәдениет пен адамгершіліктің иесі бола отырып, біздің мемлекеттілігімізді және жалпы қоғам өмірін сақтауға жауапты және бей-жай қарамайтын көзқарастарыңызды үлгі етесіздер. Әрине, аймақ пен елдің қазіргі әл-ауқаты біздің еліміздің әлеуетін қалыптастыруға қосқан үлестеріңіз, Сіздердің даналықтарыңыз бен өмірлік тәжірибелеріңіз әрқашан көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі», - деп атап өтті облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айнұр Сәрсенбаева.

Павлодарда Ақсақалдар алқасының 10 жылдығы аталып өтті

Іс-шара барысында өңірдегі бейбітшілік, достық, бірлік және этносаралық келісімді нығайтуға белсенді қатысқаны үшін облыс ҚХА ардагерлері салтанатты түрде алғыс хаттармен марапатталды.

«Президенттің Жолдауында ел дамуының жаһандық міндеттері қойылған. Өткен жылдары жасалған игі істердің барлығын негіз ретінде пайдалана отырып, жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып, одан әрі жұмыс жүргізу қажет. Осы маңызды жұмысқа Ассамблеяның барлық құрылымдары, соның ішінде біздің «Ақсақалдар алқасының» белсенді қатысуы маңызды», - деп атап өтті Минир Галеев.

Дәстүр бойынша іс-шара Достық үйінің шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасымен жалғастырды.

Павлодарда Ақсақалдар алқасының 10 жылдығы аталып өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға