Жаңалықтар

Павлодарда 8 көпбалалы ана арнайы марапатқа ие болды

Павлодарда 8 көпбалалы ана арнайы марапатқа ие болды
Фото: Павлодар облысының әкімдігі 08.03.2025 23:14 298

Павлодарда Естай атындағы мәдениет сарайында өз саласында үздік болған өңірдің нәзік жанды тұрғындарын мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар Ертіс өңірінің әйелдері барлық салада адал еңбек етіп, үлкен жетістіктерге жетіп жатқанын атап өтті.

Сіздер өңіріміз бен еліміздің дамуына үлкен үлес қосудасыздар. Қоғамның шабыттандырушы күші мен тірегі бола отырып, болашақ ұрпақты тәрбиелеп, отбасылық құндылықтарды нығайтасыздар. Біз сіздермен мақтанамыз. Әрқайсымыз өмірдегі ең бақытты және мейірімді сәттерді сіздермен байланыстырамыз. Отбасыларыңызға бақыт, махаббат пен молшылық тілеймін, - деді өңір басшысы.

Үлгілі жұмысы үшін «Құрмет» орденімен «ГСУ Құрылыс» ЖШС кран машинисі Галина Толстокорова, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Галицкое» ЖШС сауыншысы Наталья Вербицкая марапатталды. АФЗ зертханашысы Нұргүл Шайназароваға, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС машинисі Мархаба Науразбаеваға және Павлодар ауданы Заңғар ауылының ФАП фельдшері Айнұр Абитановаға «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды. 

Облыс әкімі Асайын Байханов өңірдің 8 көпбалалы анасын «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға