Жаңалықтар

Павлодарда 6 сынып оқушысы екі оқушыны пышақпен жарақаттаған

Павлодарда 6 сынып оқушысы екі оқушыны пышақпен жарақаттаған
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 14.09.2024 18:07 552

Павлодарда 11 қыркүйекте №21 мектепте төтенше жағдай болғаны туралы қала прокуратурасына ақпарат түскен. Әлеуметтік желіде осындай мәлімет тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дереккөзге арағанда, сол күні түскі сағат 12:30-13:30 аралығында 6 сынып оқушысы қатарлас сыныптардың екі оқушысын пышақпен жаралағаны айтылады.

Ата-аналары кешке ауруханада жиналған. Жарақаттар ауыр болмаса да орны тігілген. Балалардың айтуынша, оқиға ойнап жүріп болған. Ал пышақты көшеден, дүкен жанынан тауып алғанын айтқан.

Павлодар облысы полиция департаменті болған жайды растады. Полиция мәліметінше, Камзин көшесіндегі үйдің аулаларының бірінде денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша екі оқушы басқа кәмелетке толмаған баладан ауыр жарақат алған.

Зиян келтірген баланың заңды өкілі тәрбиелеу, құқықтарын қорғау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Оқушының мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралып, онда пышақ сұққан баланы үйде оқыту форматына ауыстыру туралы шаралар қабылданған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға