Павлодарда 15 оқушы ауруханаға түсті
Полиция қызметкерлері мен Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
23.09.2022 14:20
911
Павлодардағы орта мектепте белгісіз біреу мектептің екінші қабатына бұрыш баллонын шашқан. Салдарынан 15 бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Павлодар қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Тілекжан Галямов мектептен 672 оқушы эвакуацияланғанын мәлімдеді.
"15 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі жұмыс істеп жатыр", - деді Тілекжан Галямов
Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алакөлдегі өзекті мәселелер айтылды