Жаңалықтар

Павлодарда 13 жыл іздеуде болған әйел ұсталды

Павлодарда 13 жыл іздеуде болған әйел ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 03.11.2023 10:41 926

Павлодарлық жедел уәкілдер алаяқтық жасағаны үшін соттан жасырынған  67 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол 2006 жылы Алматы қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді ресімдеу қызметтерін ұсына отырып, бір әйелді 36 миллион теңгеге алдаған.

Күдіктінің берген уәделерін күтіп шаршаған жәбірленуші полицияға арызданған. Ал 2010 жылдан бері күдікті мүлде жоғалып кеткен.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық құқық бұзушыларды іздестіру жұмыстары полиция басшылығының ерекше бақылауында. Тек осы жылы Павлодарлық жедел уәкілдер 126  қылмыскерді іздестірді.

– Сот төрелігінен қашып жүргендер  жасаған әрекеттері үшін әлі де жауап беруі керек, – деп атап өтті полиция.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға