Жаңалықтар

Павлодар тұрғынының көлігінен есірткі табылды

Павлодар тұрғынының көлігінен есірткі табылды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 03.10.2023 14:36 862

Павлодар облысында тұрғынның көлігінен есірткі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Павлодар қаласында 47 жастағы жүргізуші ұсталды, оның автокөлігінің салонында тінту жүргізу барысында жүргізуші орындығының астынан каннабис тобындағы есірткі салынған полиэтилен пакеті бар қорап табылды. Алынған марихуананың жалпы салмағы шамамен 5,3 келі болды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел уәкілдер аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын жеткізу арнасын орнатты. Тұрғылықты жері бойынша үйдің жатын бөлмесінде металлды фляга табылды, оның ішінде өткізу үшін дайындалған құрамында каннабис тектес есірткі бар жалпы салмағы 1,2 келі гашиш болатын 16 байлам табылды, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Полиция бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Павлодар қаласы ПБ УҰИ-на қамауға алынды. Сондай-ақ, жедел уәкілдер Ертіс өңірі аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысқан басқа да тұлғаларды анықтап жатыр.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға