Жаңалықтар

Павлодар облысының аумағында 2076 шетел азаматтары жұмыс істеп жүр

Павлодар облысының аумағында 2076 шетел азаматтары жұмыс істеп жүр
Фото: ПО ПД баспасөз қызметі 12.11.2023 07:36 696

Павлодар облысында Қазақстан Республикасының азаматтығына 723 шетел азаматы қабылданды. Сонымен бірге, облыстан ел азаматтарының 1302-і өзге елдерге қоныс аударған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңірлік ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта облыс аумағында 2076 шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға рұқсат берілген.

2023 жылдың басынан бері көші-қон қызметінің бөлімшелерімен 7507 шетелдік уақытша тіркелді, олардың келу мақсаты әртүрлі: біздің облысқа 5 мыңнан астам адам жұмысқа, 284-і жеке мақсатта, 102-сі оқуға, қалғандары өзге мақсаттар үшін келді, - деді Павлодар облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Дәулет Ысқақов.

Көші-қон заңнамасын әртүрлі бұзғаны үшін 6 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 1746 шетелдіктер мен республикамыздың 4701 азаматтары көрінеді. Полиция жинаған құжаттардың негізінде 104 шетелдік елімізден шығарылды және оларға Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынған. 

Сонымен қатар, көші-қон қызметінің қызметкерлері 253 алимент төлемейтін адамды анықтады.

Көші-қон қызметкерлерінің жұмыс кестесіне төлқұжаттар мен төлқұжаттарды ресімдеу және беру, Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктерді есепке қою, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кіреді. Жыл басынан бері облыстың 78 мың тұрғыны құжатталған, тұрақты тұрғылықты жері бойынша 40 мың азамат тіркелген, 16 мыңға жуық азамат тіркеу есебінен шығарылған, - деді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға