Жаңалықтар

Павлодар облысының әкімі жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданына барып қайтты

Павлодар облысының әкімі жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданына барып қайтты
Фото: Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметі 21.05.2024 18:16 523

Асайын Байханов ең алдымен көктемгі су тасқыны салдарынан 14 үй зардап шеккен Жалаулы ауылына барды. Олардың бесеуі комиссияның шешімімен тұруға жарамсыз деп танылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Аймақ басшысы биік жерге салуды тапсырған тұрғын үйлердің сапасын тексерді. Үйлердің құрылысы сәуір айының басында басталды. Құрылыста 30 адам және 2 бірлік техника жұмыс істеуде. Қазір барлық 5 үйдің қабырғалары бой көтерді. Екі үйде жұмыстар 90% орындалды, бөлмелерді әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған үйлерде жұмыстар жалғасуда. 5 жаңа үйдің құрылысына қаражатты ERG тобы бөлді.
 
Облыс әкімі үйлерді толығымен аяқтап, адал тапсыруды тапсырды.

Мен үшін үйлерді жерлестері алдында парызы мен жауапкершілігін сезінетін осы аудандағы жауапты кәсіпкердің салуы маңызды болды. Үйлер жылыту, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Құрылысшылар заманауи және сапалы құрылыс материалдарын пайдалануда. Жаңа тұрғын үйлердің кілттерін иелеріне осы жылдың шілде айында табыстауды жоспарлап отырмыз, - деді өңір басшысы.

Аймақ алғашқылардың бірі болып, 28 наурыз бен 12 сәуір аралығында су тасқыны кезінде мүлкі әртүрлі дәрежеде зардап шеккен облыс тұрғындарынан түскен барлық 125 өтінім бойынша өтемақы төледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға