Павлодар облысының тұрғыны ағасының үстінен шағым түсірді
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
16.09.2022 13:28
1301
Павлодар облысының тұрғыны ағасының үстінен шағым түсірді, – деп хабаралайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы Шалдай ауылының 39 жастағы тұрғыны мас күйде ағасымен жанжалдасып қалған.
– Бауырын тыныштандыра алмаған ер адам полиция шақыруға мәжбүр болған.Учаскелік полиция инспекторы төбелеске қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады, – деп хабарлады Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Саян Мұханов.
Сот отырысында ауыл тұрғыны кінәсін мойындады, бірақ ағасымен татуласпады. Сот шешімі бойынша құқық бұзушыға 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға