Жаңалықтар

Павлодар облысындағы трассада әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды

Павлодар облысындағы трассада әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 10.03.2025 21:29 110

Павлодар облысының Аққулы ауданындағы "Омбы-Майқапшағай" республикалық маңызы бар трассасында әмбебап құтқару бөлімшесінің ашылды. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен құрметті қонақтар қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, Павлодар қаласынан 100 км жерде орналасқан жаңа кешен еліміздегі осындай үшінші нысан. Оның бірегейлігі — бірнеше шұғыл қызметтердің бірге қызмет атқаруында, яғни бір аумақта өрт сөндіру бөлімі,   ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының трассалық медициналық-құтқару пункті, ал жақын арада облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмыс істей бастайды. 

Мұндай формат төтенше жағдайларға ден қою уақытын барынша қысқартуға мүмкіндік береді. Төтенше жағдайдың сипатына қарамастан, яғни өрт, ЖКО немесе шұғыл медициналық көмек болсын мамандар үйлесімді, жедел және тиімді әрекет етеді. Объектіні жаңарту бюджет қаражатынсыз жүзеге асырылған.

Өрт сөндірушілерді, құтқарушылар мен дәрігерлерді бір базада біріктіру-бұл жай ғана ыңғайлылық емес. Бұл төтенше жағдайда зардап шеккендерге алғашқы бірнеше минутта жедел көмек көрсетудің нақты мүмкіндігі. Біз мұндай кешендердің автожолдардың стратегиялық маңызды учаскелерінде болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз, - деді министр Шыңғыс Әрінов.

Орталықтың Аққулы ауданында орналасуы оның стратегиялық маңыздылығын ескере отырып таңдалған. Ол Павлодар облысының аумағын ғана емес, "Семей-Орманын" қоса алғанда, резерваттар мен жетуі қиын учаскелерге дейінгі тыс жерлерде де көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Кешен ТЖ салдарын жою үшін қажетті заманауи техникамен және жабдықтармен жарақталған. Оның аумағында зардап шеккендерді шұғыл эвакуациялау және құтқару топтарын шалғай аудандарға жедел тасымалдау үшін тікұшақ алаңы қарастырылған. Сонымен қатар жеке құрам үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, екі қабатты ғимаратта тәулік бойы мамандар кезекшілік етеді. Онда демалуға арналған бөлмелер, душ бөлмелері, ас үй, сондай-ақ арнайы техникаға қызмет көрсету үшін техникалық аймақтар қарастырылған. Бұған дейін мұндай кешендер Ақмола және Қарағанды облыстарында пайдалануға берілген болатын.

Бөлімшенің ашылу салтананың  соңында ТЖМ  қызметкерлерге жаңа арнайы техниканың кілттерін және Алғыс хаттарды табыс етті. Сондай-ақ облыстық ТЖД-нің бірнеше қызметкерінің кәсібилігі мен адалдығын атап өтіп, оларға кезектен тыс шендер берді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға