Павлодар облысындағы орман өрті Ресей аумағына жеткен
Өрт 13 сәуір күні «Ертіс орманы» резерватында болған. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Облыстық ТЖД мәліметінше, 13 сәуір күні сағат 12:50-де «101» пультіне «Ертіс орманы» резерватындағы Бәйімбет орманшылығында орман қоры жанып жатқаны, кейіннен Ресей Федерациясының аумағына көшкені жөнінде хабарлама келіп түскен.
«Ертіс орманы» мекемесі басшылығының сұрауы бойынша сағат 14:38-де Аққулы ауданының ауылдық округіне Первомай және Байымбет орманшылықтарының аумағында өртті сөндіруге көмек көрсету үшін Павлодар облысы ТЖД колоннасы жіберілді.
- Колонна құрамында 4 автоцистерна, командалық-штабтық машина, жоғары өтімді «Вахтовка» автокөлігі жөнелтілді. Бұдан басқа, жағдайды мониторингтеу және бағалау үшін департамент басшысының орынбасары, облыстық аумақтық инспекция және жер қойнауын пайдалану басқармасының басшылығымен бірге «Қазавиаспас» тікұшағы ұшып шықты, - деді департаментте.
Өрт сағат 20:08-де оқшауланды. Оқиға орнына орман шаруашылығы қызметкерлерінен 92 адам, 24 бірлік техника және Павлодар облысы ТЖД жеке құрамының 25 адамы және 6 бірлік техника жұмылдырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram