Жаңалықтар

Павлодар облысындағы дала орманшылықтарында өрт шықты

Павлодар облысындағы дала орманшылықтарында өрт шықты
Фото: Павлодар облысы әкімдігі 15.07.2023 19:08 704

Көптеген найзағай ұшқындарының салдарынан Павлодар облысының аумағындағы Шарбақты және Аққулы аудандарындағы дала орманшылықтарында өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облыстық әкімдігінің мәліметінше, ыстық әрі құрғақ ауа райы мен қатты жел жағдайды күрделендіруде.

Жағдайды бақылау және бағалау үшін облыс әкімі Асайын Байханов пен төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы сол жерлерге аттанды.
Онда өрт ошақтарын оқшаулау және өрттің одан әрі таралуына жол бермеу бойынша қажетті іс-шаралар ұйымдастырылатын болады, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға