Павлодар облысында жол-көлік апатынан екі бала зардап шекті

Омбы-Майқапшағай автожолында Audi 80 және Toyota Highlander көліктері соқтығысқан. Бұл туралы KAZINFORM-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Апаттан зардап шеккен бір жүргізуші мен екі бала ауруханаға жатқызылды. Павлодар облысының тас жолында болған жол-көлік апатынан кәмелет жасына толмаған жолаушы зардап шекті.
Омбы-Майқапшағай автожолында Audi 80 жеңіл көлігі негізгі жолда келе жатқан Toyota Highlander көлігіне жол бермей, соғылған. Жол апаты салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен қос жасөспірімнің денсаулығына зақым келіп, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.
Audi жүргізушісіне қатысты іс қозғалып, материал сотқа бағытталды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.
