Жаңалықтар

Павлодар облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Павлодар облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Фото: Павлодар облыстық ПД 09.01.2025 14:09 203

Павлодар облысында ірі жол апаты болып, үш адам қаза тапты, бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 8 қаңтарда кешке Павлодар – Семей тасжолында, Тлектес ауылының маңында болған.

Полиция мәліметінше, Kia Sportage жүргізушісі қар тазалайтын техниканы басып озбақшы болып, қарсы жолаққа шығып, "КамАЗ" жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Кia Sportage жүргізушісі қар тазалайтын көлікті басып озу кезінде қарсы бағытқа шығып, "КамАЗ" көлігімен бетпе-бет соқтығыс жасады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Kia жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, – деп түсіндірді өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жеңіл көліктің тағы бір жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көліктер арнайы тұраққа қойылды, – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, үш жеңіл көлік пен жүк көлігі қатысқан ірі жол апатына құтқарушылар мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылған. Оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар зақымданған көліктен екі адамның денесін шығарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға