Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі табылды

Павлодар облысында жоғалған 7 жасар қыздың мәйіті табылды, анасы болған істі мойындады. Бұл туралы Kazinform-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері де болған оқиғаны растады.
Өкінішке қарай, қыздың денесі табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Оқиғаның мән-жайын полициядан біле аласыздар, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Павлодарлық құтқарушылар сонымен қатар қыздың анасының істеген әрекетін мойындағанын жеткізді.
Айта кетейік, Милана 17-қараша күні Екібастұздан 50 км жердегі Бесқауға ауылында жоғалып кетті. Осы күні кешкісін сағат 9:00-дер шамасында қыздың анасы полицияға шағым түсірді. Милананы екі тәулік бойы 400 адам іздеді. Тіпті іздеу жұмыстарына тікұшақ пен кинологтар да жұмылдырылды.
