Жаңалықтар

Павлодар облысында жарылыс жұмыстары жүргізілді

Павлодар облысында жарылыс жұмыстары жүргізілді
Фото: ҚР ТЖМ 20.03.2025 08:27 174

Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде мұз кептелістерін болдырмау мақсатында Ақтоғай ауданының Селета өзенінде мұз жарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бұл өзен Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан ағып өтеді. Өзенде жарылыстар жүргізу кезінде өткізу қабілеті артады, бұл өзен арнасы өтетін Шолақсор ауылын су басу қаупін азайтуға ықпал етеді.

Жұмыстар өзеннің ағысы тарылған төрт учаскесінде жалпы ауданы 1154 шаршы метр аумақта жүргізілді. Оған 144 келі жарылғыш зат пайдаланылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға