Жаңалықтар

Павлодар облысында ТЖМ бөлімінің басшысы сотталды

Павлодар облысында ТЖМ бөлімінің басшысы сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан Жуасбаев 25.07.2024 15:33 509

ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, 17 маусымда Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы Қ.Темірханов үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жыл сайынғы тексерулер жүргізу кезінде жалпы қамқорлығы үшін кәсіпорын басшысынан 1,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталды.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 10-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуы тиіс. Осыған байланысты, Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы тәртібінде енгізілген Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жоғарыда аталған департаменттің басшысы мен оның орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылды, - делінген мәліметте.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға