Жаңалықтар

Павлодар облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 48 фактісі тіркелді

Павлодар облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 48 фактісі тіркелді
Фото: polisia.kz 09.09.2024 11:34 310

Павлодар облысында «Браконьер» ЖПІШ барысында балық аулау ережелерін бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 48 фактісін анықтады. Оның ішінде заңсыз аң аулаудың 23 фактісі, балық аулау ережелерін бұзудың 9 фактісі бар.

Полиция 15 тоннадан астам заңсыз ауланған балық ресурстарын тәркіледі. Балық ресурстарын заңсыз өндірудің 3 фактісі және орманда ұсақ ұрлау фактілері жойылды. Сонымен қатар 5 көлік айыппұл тұрағына қойылды, – дейді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Рейд барысында полиция Кеңтүбек ауылдық округінде орналасқан су айдынында заңсыз балық аулауды жүзеге асырған Май ауданының тұрғынын ұстады. Автокөліктен қытайлық өндірілетін ау, резеңке үрлемелі қайық, қайықтан 2 ескек, резеңке қайықты үрлеуге арналған сорғы, жалпы салмағы 5 келіден асатын мөңке балығы тәркіленді.

Құқық бұзушыға қатысты балық аулау және балық ресурстарын қорғау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа берілді. Полиция департаменті аймақ тұрғындары мен қонақтарынан елдің табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауды сұрайды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға