Павлодар облысында студенттердің 43 пайызы мемлекеттік тілде білім алуда

Өңірде 14,5 мың студент ЖОО-да оқып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, Павлодар облысында 4 жоғары оқу орындары жұмыс істейді. Олардың 25% мемлекеттік, 75% жеке меншікте. Облыста 3 университет және 1 институт бар.
Оқу жылының басындағы студенттер саны - 14586. Ағымдағы оқу жылында өткен оқу жылмен салыстырғанда студенттер саны 12,7% азайды, - деді департаментте.
Студенттер арасында мемлекеттік грант бойынша 4910 адам немесе 33,7%-ы оқиды, 9676 студент немесе 66,3% ақылы білім алады.
Департаменттің хабарлауынша, студенттердің 43,2% мемлекеттік тілде, 56,6% орыс тілінде, 0,2% ағылшын тілінде оқиды.
Павлодар облысының ЖОО-да алыс шетелден 156 студент оқиды, 106 студент – ТМД елдерінен келген, оның ішінен 79 – Ресейден, - делінген хабарламада.
Этникалық құрам бойынша жоғары оқу орындарында оқитындардың айтарлықтай үлесін қазақтар 77,7%, орыстар 14,5%, украиндер - 1,9%, немістер 1,8%, татарлар 1,2%.
Ал, осы студенттерге 984 оқытушы сабақ береді. Олардың ішінде 58 адам (5,9%-ы) ғылым докторы, 329 адам (33,4%-ы) ғылым кандидаттары, 49 адам (5%-ы) – профессор ғылыми дәрежесі, 200 адам (20,3%-ы) доцент.
