Павлодар облысында қатты желден жарықсыз қалған ауылдарға жарық берілді
Сондай-ақ бір ғимараттың шатырын жел ұшырғаны анықталды
Павлодар облысында қатты желден жарықсыз қалған ауылдарға жарық берілді, деп хабарлайды El.kz Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.
Сондай-ақ Ақсу қаласында бір ғимараттың шатырын жел ұшырғаны анықталды.
Еске салайық, түнде қатты жел соғып, бірнеше ғимараттың шатырын жел ұшырып кетті. Оған қоса, Май ауданында 5 ауыл, Аққулы ауданында 16 ауыл жарықсыз қалды.
Ауылдарға жарық берілді. Жағдай бақылауда. Шатырын жел ұшырған ғимараттарда қалпына келтіру жұмыстары басталуда, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.
Сонымен қатар 8 наурыз күнгі сағат 12:20-дағы жағдай бойынша Ақсу қаласы Дөнентаев көшесі, 50 мекенжайындағы қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының 3 қабатты ғимаратының шатырын жел ұшырғаны анықталды. Шатырдың жалпы көлемі 612 шаршы метрді құрайды. Оның 120 шаршы метрін жел ұшырған.
Зардап шеккендер жоқ. Шатырға соңғы рет жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізілген.
