Павлодар облысында көлік апатынан екі адам көз жұмды

Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
30.05.2023 15:48
745
Көліктер автотұраққа қойылды. Бұл туралы Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып Еl.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ленин - Курчатов тас жолындағы Еңбек ауылының маңында Lexus RX-330 көлігі қарсы келе жатқан КамАЗ-5410 көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Lexus RX-330 қарсы жолақ арқылы шұңқырға аударылып кеткен.
– Lexus көлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен 36 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп департаментте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды