Павлодар облысында дала өрті кезінде жиырмаға жуық ұсақ мал жанып кетті

Екібастұзда дала өрті кезінде жеке шаруа қожалығының ұсақ малдары тірідей жанып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, екі күн ішінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Екібастұз гарнизоны өртті сөндіруге 10 рет шақырту алған.
13 шілде күні сағат 9:25-те Марғұлан ауылы маңында құрғақ шөптің жанып жатқаны хабарланған. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметтері, ерікті өрт сөндіру бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар аттанып, өрт 14 шілде күні сағат 07:35-те толығымен сөндірілді.
- 14 шілдеде жүргізілген тексеру барысында далада болған өрт салдарынан Марғұлан ауылындағы «Қуаныш» шаруа қожалығының ұсақ малдары жартылай жанып, көптеген қойлар күйіп кеткені анықталды, - деп жазылған ақпаратта.
Дала өрті кезінде жиырмаға жуық ұсақ мал қырылған.
