Жаңалықтар

Павлодар облысында балалар үйінен қашып кеткен жасөспірімдер табылды

Павлодар облысында балалар үйінен қашып кеткен жасөспірімдер табылды
Фото: instagram.com/poiskoviki_pavlodara_vita 13.10.2024 15:32 129

12 қазанға қараған түні Шақат ауылының балалар үйінен қашып кеткен екі жасөспірімнің табылғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іздеу жұмыстарына таңертең жергілікті еріктілер ұйымы бірден кірісіп, әріптестіктегі бұл істің нәтижелі аяқталғанын мәлімдеді.

Шақат ауылының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының кәмелетке толмаған тәрбиеленушілері табылды, деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі де Instagram-дағы парақшасында.

Қыздардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбегені белгілі, ал аталған оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға