Павлодар облысында ауыл мектебі толықтай өртеніп кетті

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
23.01.2025 19:05
833
Бүгін таңертең 09:00-де Ертіс ауданының Бұланбай ауылындағы жалпы білім беретін мектептің жеке тұрған бір қабатты ғимаратында өрт шықты. Бұл туралы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өрттің шығуына қатты жел кезінде ғимаратқа жақын тұрған бағанада тоқтың қысқа тұйықталуы себеп болған. 2010 жылы салынған ғимарат толығымен өртеніп кетті және қалпына келтірілмейді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді, - деп хабарлады облыстық білім беру басқармасы.
Аталмыш мектепте 20 оқушы білім алады.
Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша оқушыларды шағын орталық ғимаратына уақытша орналастыру туралы шешім қабылданды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысы бірнеше көлік қар құрсауында қалды