Жаңалықтар

Павлодар облысында ауыл әкімі мас күйінде жұмысқа барған

Павлодар облысында ауыл әкімі мас күйінде жұмысқа барған
Фото: Pixabay.com 03.04.2023 21:33 563

Павлодар облысында жұмыста мас болған ауыл әкімі қызметтен босатылды. Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен аптада болған әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі Бауыржан Бозтаев атқарған қызметінен босату түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – дейді баспасөз қызметінде.

Екібастұз қаласына қарасты Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі Бауыржан Бозтаевтың жұмыста мас күйінде болғаны туралы ақпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының сенім телефонына ауыл тұрғынынан түскен.

Әдеп жөніндегі уәкіл фактіні тексеруге барған. Медициналық сараптама қорытындысы оның ішіп алғанын көрсеткен және шенеунік өз әрекетін мойындаған. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері шенеунікті қызметінен босатуды ұсынған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға