Павлодар облысында әкім қызметтік көлікті масаң күйде жүргізген
![Павлодар облысында әкім қызметтік көлікті масаң күйде жүргізген Павлодар облысында әкім қызметтік көлікті масаң күйде жүргізген](/storage/storage/element/2024/11/29/mainphoto/131950/1200xauto_AmBgrQIDwcRR1yNwXzWK9H6KnIGDA78FFYuJ2I1Y.jpg)
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
29.11.2024 09:24
1027
Павлодар облысында Қалқаман ауылдық округінің әкімі мас халде ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі KazTAG-қа сілтеме жасап.
Қалқаман ауылдық округінің 31 жастағы әкімі қызметтік автокөлікті мас халде жүргізген. Мұны медициналық сараптама растады. Тілеуғали Кендебай 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Әдеп жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес, Қалқаман ауылдық округінің әкімі Тілеуғали Кендебайды қызметінен босату ұсынылды, - деді әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Іскендіров.
Айта кетсек, Қалқаман ауылдық округінің әкімі бұл лауазымға былтыр желтоқсанда тағайындалған болатын.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
СҚО-да жеңгетайлықпен айналысқан отбасы мүшелері сотталды